Елордада белгілі қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова ұйымдастырған "Астана жұлдыздары" халықаралық шахмат фестивалі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Ең мықты шахматшылар марапаттарға ие болып, рекордтық 40 миллион теңге жүлде қорын өзара бөлісті.
Турнирдің А категориясы бойынша жеңімпазы – Үндістанның дарынды шахматшысы Адитья Миттал, ол 4 млн теңгенің сертификатымен марапатталды.
Турнирдің "күмісін" украиналық гроссмейстер Александр Моисеенко (3,5 млн), ал Израиль спортшысы Евгений Алексеев (3 млн) "қоланы" қанжығасына байлады.
11-19 шілдеде өткен "Астана жұлдыздары" халықаралық шахмат фестивалі елорданың 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Фестивальге әлемнің 16 елінен 800-ден астам шахматшы қатысты.