Халықаралық сотта елімізге қатысты бірнеше іс қаралуда

Бұл туралы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүлік құқығын қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы Ерлан Мұсабаев айтып отыр. 

Халықаралық сотта елімізге қатысты бірнеше іс қаралуда Фото: UN News

Оның сөзінше, министрлікте жалпы талап сомасы 7,5 млрд АҚШ долларынан асатын 20 іс бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әділет министрлігі Үкіметтің тапсырмасымен мемлекет мүддесін халықаралық арбитражда және шетелдік сот инстанциясында қорғауды қамтамасыз етумен келеді. 

Жоғарыда аталған 20 істің 13-і – халықаралық арбитраж, 5-еуі шетелдік сот болса, 2 іс cотқа дейінгі сатыда қаралып жатыр. 

Ерлан Мұсабаевтың айтуынша, биыл 28 ақпанда "World Wide Minerals" канадалық уран компаниясының Қазақстанға қарсы 2013 жылдан басталған дауына Лондон Жоғарғы соты Қазақстан үшін оң шешім шығарған. Онда ел тарапы 65 млн АҚШ долларын төлеуі керек болған, бірақ сот 2024 жылғы шешімнің күшін жойып отыр. WWM талаптары ҚР Үкіметі 1997 жылы уран экспортына лицензия беруден бас тартқан және Целиноград тау-химия комбинатын сенімгерлік басқару шартын бұзған деген мәлімдемеге негізделген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу