Халықаралық сотта Қазақстанға қатысты 20 іс қаралып жатыр – Әділет министрлігі

162

Әділет министрлігінің өндірісінде жалпы талап сомасы 7,5 млрд АҚШ долларынан асатын 20 іс бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халықаралық сотта Қазақстанға қатысты 20 іс қаралып жатыр – Әділет министрлігі Фото: canva.com

Бұл туралы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүлік құқығын қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы Ерлан Мұсабаев мәлім етті.

Әділет министрлігі Үкіметтің тапсырмасы бойынша мемлекет мүддесін халықаралық арбитражда және шетелдік сот инстанциясында қорғауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Әділет министрлігінің өкілі Ерлан Мұсабаевтың мәлімдеуінше, бүгінде ведомство өндірісінде жалпы сомасы 7,5 млрд АҚШ долларынан асатын 20 іс бар.

Оның ішінде:

– 13 іс халықаралық арбитраж;

– 5 іс шетелдік сот;

– 2 іс cотқа дейінгі сатыда қаралып жатыр.

– Биыл 28 ақпанда "World Wide Minerals" канадалық уран компаниясының Қазақстанға қарсы 2013 жылдан бастап жалғасқан дауы бойынша Лондон Жоғарғы соты Қазақстан үшін оң шешім шығарды, бұл шамамен 65 млн АҚШ долларын төлеуі керек болған 2024 жылғы шешімнің күшін жойды. WWM талаптары ҚР Үкіметі 1997 жылы уран экспортына лицензия беруден бас тартқан және Целиноград тау-химия комбинатын сенімгерлік басқару шартын бұзған деген мәлімдемеге негізделген, – дейді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу