Халықаралық соттарда Қазақстанға қатысты 2,1 млрд доллардың даулары қаралған

1242

Былтыр халықаралық арбитраж соттарда Қазақстанның 2,1 млрд долларға мүддесі қорғалған. Бүгін Әділет министрлігінде өткен жиында осындай ақпарат айтылды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Халықаралық соттарда Қазақстанға қатысты 2,1 млрд доллардың даулары қаралған

Вице-министр Алмат Мадалиевтың мәлімдеуінше, 2020 жылы жалпы сыртта Қазақстанның қатысуымен 25 сот процесі өтіпті. Соның 15-сінде жеңіс бізге бұйырған. Мәселен, канадалық Gold Pool компаниясына қатысты 2016 жылдан бері 917 млн доллар үшін жүрген шағым кері қайтарылған.

Сондай-ақ, пандемияға қарамастан кей арбитраж отырыстары Әділет министрлігінің өтінішімен онлайн форматта өткен. Соның бірі – Анатолий Статидің процесі. Мұнда Ұлыбританияның Жоғарғы соты бұған дейін шығарған үкімнің күшін жойған. Бұл ағылшын сотының 900 жылдық тарихында виртуалды түрде жүрген ең алғашқы іс болыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу