Алматыда Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық "Финтэк-Старс" стартап жобалар байқауы жарияланды, деп хабарлайды 24.kz.
Жобаны ұйымдастырушылар: Астана халықаралық қаржы орталығы, швейцариялық Saad-stars инвестициялық қоры және MOST бизнес-инкубаторы.
Байқауда электронды сауда, онлайн несиелеу және сақтандыру салаларын қамтитын старт-ап жобалар қаралады. Бұл сынға 6 отандық және 4 шетелдік компания өздерінің ұтымды жобаларын ұсынып отыр. Оларға әлемде старт-ап жобалардың жүзеге асу жолын жақсы білетін 12 тәжірибелі маман бағасын береді. Ал ең үздігін "Seedstars" қоры анықтайды.
"Бұлар өздерінің офистерін ашады. Бұл не деген сөз? Бұлар әрдайым үш ай ғана емес күнделікті 10 старт-ап бірінші кетеді. Екінші тағы да 10 старп ап. Бұл әрине қазақстанның, Орталық Азияның старт-аптарының дамуына үлкен үлесін қосады. Бұл бағдарлама соңында Сит-Старс екі стартапқа 350 мың АҚШ долларындай бірінші инвестициясын жасайды",- дейді "АХҚО" АҚ цифрлық технологиялар директоры Әсел Жиенбаева.
Ал мұндай сыйақы алу үшін байқауға қатысушыларда сыртқы нарыққа бағытталған дайын қаржылық технология өнімі болуы керек. Сонымен қатар шығыны аз, табысы 1,5 миллион теңге шамасында бизнес модельдің болғаны да ескеріледі.