Алғашқы екі орын Дубай полициясының қанжығасында, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Арнайы жасақ әскерлері чемпионатына Бүркіт, Сұңқар, Сардар, Арыстан арнайы жасақ жауынгерлері қатысқан болатын. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 5-орында. Атап өту керек сарбаздар сайысына Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Америка, Қытай, Канада, Қырғызстан, Индонезия, Ресей, жалпы 41 мемлекеттен келген 76 команда бақ сынады. Арнайы жасақ әскерлері бес күн бойы ерекше дәлдік, физикалық төзімділік және командалық рухымен мойындатты.
Әсіресе, турнирдің төртінші күні кедергілерге көтеріліп келе жатып аяғын кенеттен сындырып алған Сұңқарлық жауынгердің қайсарлығы ел аузында.
"Мен аяғымды "Мұнара оқиғасы" жаттығуында сындырып алдым. Біз үшінші қабаттан екінші қабатқа түсіп, қоңырауды соғып, жерге түсуіміз керек еді. Ол жерге секірген кезде, тоқ соққандай сезімде болдым, көздерім қарауытып кетті. Бірақ менде тоқтау туралы ой болған жоқ. Не болса да, мәреге жетуім керек деп шештім. Жігіттер мен жерлестерім тоқтаусыз қолдау көрсетті. Оларға шексіз ризамын", – деп бөлісті жауынгер.
Қазақ сарбаздарының өр рухы мен командаластардың демей жөнеліп, мәреге бірге жетуі, сайысқа көз тіккен талай жұрттың есінде қаларлық табанды әрекет.