Халықаралық тасымалдауға қатысушылар қайта утильалымнан босатылды

597

Бұл туралы "Жасыл даму" сайтында жазылған. Мұндай түзетулерді Экология министрлігі жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Халықаралық тасымалдауға қатысушылар қайта утильалымнан босатылды

"0" коэффициентін қолдану үшін халықаралық тасымалдарға қатысушылар мен ершікті тартқыштарды аталған бағытта пайдалануды жоспарланған өндірушілер және (немесе) импорттаушылар, recycle.kz сайтына кіріп, жеке кабинетінде өтінім беруі қажет. Ол жерде ершікті тартқыш халықаралық тасымалдарға қатысатынын көрсетіп, кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификат (кәдеге жарату төлемін енгізгендігі туралы куәлік) жүктеледі. Оның мөлшері 0 (нөл) теңге.

Кәдеге жарату төлемін енгізгендігі туралы куәлік алған күннен бастап 3 ай ішінде ершікті тартқыштың иесі көлік құралын тіркеу есебіне қоюға және халықаралық тасымалдарға рұқсат карточкасын алу үшін уәкілетті органдарға жүгінуі қажет.

"Жасыл даму" АҚ халықаралық тасымалдарға рұқсат карточкасының болуын тексеруді техника иесінің қатысуынсыз уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырады", – деп жазылған хабарламада. 

18 шілдеде қабылданған түзетулер 10 күн ішінде күшіне енеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу