АЭС-тың бір энергоблогын салуға 5 млрд доллар кетеді

1510

"Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, қуаттылығы 1000-1200 МВТ болатын бір энергоблоктың құрылысы, шамамен, 5 млрд доллар болады. Ал біз нақты соманы нақты жеткізушіні анықтағаннан кейін, келіссөздер барысында анықтаймыз". 

АЭС-тың бір энергоблогын салуға 5 млрд доллар кетеді

Бұл – ОртКом қызметінде өткен брифингте Энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жаслан Қасеновтің айтқаны.

Оның сөзіне қарағанда, шығын шамамен 20 жылда өтеледі, ал станцияның пайдалану мерзімі 50-60 жыл болады.

Министрлік өкілдері Қазақстанда АЭС салу үшін әлемдік алты компанияның технологиялары зерделеніп жатқанын хабарлаған. Бұлар – америкалық (NuScale), америкалық-жапондық (GE-Hitachi), кореялық (KHNP), қытайлық (CNPC), ресейлік (Росатом) және француздық (EDF) технологиялар. Зерделеу реакторлардың қауіпсіздік, референттілік критерийлері бойынша, АЭС-ті салу орны, қуаты және құны бойынша жүргізіледі.

Айта кетейік, АЭС-тың қайда салынатыны, құрылысы қашан басталатыны және оған қанша қаражат жұмсалатыны белгісіз. ШҚО-дағы Курчатов қаласы мен Алматы облысындағы Үлкен елді мекенінде салыну мүмкін екені жиі айтылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу