Халықаралық ұйымдар Йеменге 300 млн доллар бөлді

1175

Халықаралық ұйымдар Йеменге 300 млн доллар бөлді

Сауд Арабиясы мен Дүниежүзілік банк арып-ашқан Йемен халқына қайырымдылық көмек ретінде 300 млн доллар қаржы бөлді.

Мұндай келісім Эр-Риядта жасалған. Ал бөлінген ақша қирап қалған білім ошақтары мен медицина орталықтары және энергетика саласындағы инфрақұрылымдарды қайта қалпына келтіруге жұмсалады.

Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Йеменде ашаршылықтың алдын алу үшін 1,1 млрд АҚШ доллары қажет екенін мәлімдеген.

Айта кетейік, Йемендегі азаматтық соғыстың кесірінен 10 мыңнан астам адам қаза тапты. Миллиондаған жан тақыр кедейге айналған. Қазір де мұндағы 28 млн тұрғынның 17 млн-нан астамы гуманитарлық көмек көрсететін ұйымдардың арқасында күн көріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу