Халықаралық ұйымдар Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты болжамдарын қайта қарауда

Қаржы ұйымдарының деректері әртүрлі.

Халықаралық ұйымдар Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты болжамдарын қайта қарауда Фото: el.kz

Халықаралық ұйымдар Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты болжамдарын қайта қарауда, деп жазады inbusiness.kz. 

Мәселен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) оған мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына қатысты өзінің жаңа болжамдарын ұсынды. 

Осылайша, олардың болжамы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2023 жылы 4,3% (қарашадағы шолуда 4,2%), 2024-2025 жылдары 4,4% деңгейінде сақталады. 

Бұл ретте олар Қазақстанда инфляцияның бұрын жарияланғанға қарағанда төмен қарқынмен баяулауын болжайды: 2023 жылы 7,9% (7,8%), 2024 жылы 5,5% (4,9%) және 2025 жылы 4,1%. 

ЕАДБ болжамын қайта қарау сыртқы қысымдарды" азайтуға бағытталған қосымша мемлекеттік шараларды жүзеге асырумен және 2024 жылы Теңіз кен орнында жаңа қуаттарды іске қосумен байланысты.

Мамыр айының басында Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) өзінің жаңартылған болжамдарын ұсынды: Қазақстан экономикасының өсімі 2023 жылы 3,9% (ақпан айындағы шолуда 3,5%), 2024 жылы 4,2% (4,0% құрады) болады).

Сәуірде Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Азия даму банкі (АДБ) және Дүниежүзілік банк өз болжамдарын жариялады. Үш мекеменің ішінде ХВҚ ғана өз болжамдарын қайта қарады. 

Олардың дерегінше, ЖІӨ өсімі 2023 жылы 4,3%-ды (2022 жылғы қазанда 4,4%), одан кейін 2024 жылы 4,9%-ды құрайды (4,4%-ды құрады). 

АДБ 2023 жылы ЖІӨ өсу болжамын 3,7% деңгейінде сақтайды және 2024 жылға 4,1% болжамын ұсынды. 

Дүниежүзілік банк болжамы жағымсыз динамиканы меңзейді. Ақпаратқа сүйенсек Қазақстанның экономикалық өсімі 2023 және 2024 жылдары сәйкесінше 3,5% және 4,0% деңгейінде болады.

Наурызда S&P халықаралық рейтингтік агенттігі де 2023 жылы ЖІӨ өсімі болжамын 4,1% деңгейінде (бұрын – 4,0%) қайта қарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу