Халықаралық ұйымдар Қазақстанның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәжірибесіне оң баға берді

551

Қазақстан мониторингтің төрт кезеңінен сәтті өтіп, ЭЫДҰ сарапшыларының ұсынымдарының басым бөлігі орындалды. Шетелдік лауазымды тұлғалардың пара алуына қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қосылу жоспарлануда. 

Халықаралық ұйымдар Қазақстанның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәжірибесіне оң баға берді Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

ЭЫДҰ, БҰҰ Есірткі және қылмыстар жөніндегі басқармасының, ЕҚҚДБ өкілдері жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жаһандық форум және Париж қаласындағы ЭЫДҰ жемқорлыққа қарсы желісінің басқарушы тобының отырысы барысында Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын оң атап өтті, деп жазады inbusiness.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЭЫДҰ-ның барлық ұсынымдарын орындау кезінде Қазақстан таяу жылдары дамыған елдердің клубына мүшелікке үміткер бола алады деп болжануда.

Болашақта бұл ЭЫДҰ елдерімен құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді экстрадициялау және олар заңсыз тапқан мүлікті қайтару мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді және Қазақстанның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Еуропа мемлекеттерінің аумағында халықаралық тергеу тапсырмалары бойынша жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру іс-шараларына қатысуы бойынша негіз жасайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Дмитрий Малаховтың басшылығымен Қазақстан делегациясы жемқорлыққа қарсы тиімді күреске бағытталған соңғы өзгерістерді ұсынды. Атап айтқанда, бірінші басшылардың қарамағындағылардың парасаттылығы үшін дербес жауапкершілігі, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікті арттыру, заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, негізсіз байыту үшін жауапкершілікті енгізу және жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды кешенді қорғау шаралары сияқты нормалар мен заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес қатаңдату туралы сөз болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу