Халықаралық ұйымдар коронавирус туралы 200 фейк жаңалық тіркеген

1213

Денсаулық сақтау министрлігі жалған ақпараттарды таратуды доғаруды сұрады.

Халықаралық ұйымдар коронавирус туралы 200 фейк жаңалық тіркеген

Халықаралық ұйымдар коронавирус туралы шамамен 200 фейк жаңалық тіркеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қорқыныш тудыратын хабар таратуды тоқтатыңыздар. Олардың барлығы жалған ақпараттар екенін ескертеміз. Адамдарды шатастыру жақсылыққа апармайды. Сондықтан да ресми ақпараттарға ғана сүйеніңіздер. Халықаралық ұйымдар коронавирус туралы 200-ге жуық жалған ақпаратты тіркеді. Қауесеттер мен жалған ақпараттарды талдай отырып, олардың шындыққа жанаспайтынын айқын дәлелдеген журналистер мен блогерлерге алғысымызды білдіреміз",– деді  Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп

Сонымен қатар министрліктің ресми өкілі Уханьнан келген студенттерге қатысты ақпараттармен бөлісті. Оның сөзінше қауіпті аймақтан келгендер 16 ақпанға дейін каратинде болады.

"16 ақпанға дейін Ухань қаласынан келген азаматтарға баруға болмайды. Бұл БАҚ өкілдеріне де қатысты. Денсаулық сақтау министрлігі барлық телеарналар үшін арнайы сюжет түсірді. Ол туралы Facebook парақшасында да жарияланды. Студенттер журналистермен болған сұхбатта оларға барлық жағдай жасалғанын және мамандардың өте жақсы қарап жатқанын жеткізді", – деді Диас Ахметшәріп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу