Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) 2023 жылдың қорытындысын шығарып, көптеген жарқын оқиғалардың қатарында қазақстандық Алан Құрманғалиевтің жетістігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"2023 жылға кері қарай отырып, біз тартысты 2024 жылға дайындалып жатырмыз! Өткен жылдың осы бір таңқаларлық статистикасына назар аударыңыз. Әңгімені жекелей ойында, жекелей матчта және жекелей сында ең көп ұпай жинаған ойыншы Алан Құрманғалиевтен бастайық. Керемет!", - деп жазды Халықаралық үстел теннисі федерациясы.
Алан Құрманғалиев жекелей ойында ең көп партияны ұтқан ойыншы атанды (356), матч (108) және ұпай (5035) жинаған.
Естеріңізге сала кетейік, Алан Құрманғалиев Швецияда өткен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанса, желтоқсанда үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан болатын.
ҚР Үстел теннисі федерациясын Данияр Абулғазин басқарады.