Халықаралық үстел теннисі федерациясы барлық турнирлерді күзге дейін шегерді

1537

Қазір барлық халықаралық федерациялар 2020 және 2021 жылдарға арналған спорттық күнтізбені қайтадан құрып жатыр.

 Халықаралық үстел теннисі федерациясы барлық турнирлерді күзге дейін шегерді

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) маусым айының соңына дейін өтуге тиіс барлық халықаралық жарыстарды кейінге шегерді, деп жазады Olympic.kz. 

22-29 наурыз аралығында Пусанда өтуге тиіс командалық әлем чемпионаты 21-28 маусымға ауыстырылған болатын. Коронавирус індетінің қаупі әлі сейілмеген соң, ITTF аталған біріншілікті 27 қыркүйек пен 4 қазан аралығына созды. 

"Қадірлі спорт жанкүйерлері. 2020 жылдың 29 наурызы күні ITTF барлық турнирлерді маусым айының соңына дейін тоқтата тұруды жөн санаған. Алайда, әлемдегі жағдайды ескере отырып, біз командалық әлем біріншілігін екінші рет шегеруге мәжбүрміз. Пандемияға қатысты жағдай күзге дейін реттеледі деген сенім мол. Сондай-ақ, қазір барлық халықаралық федерациялар 2020 және 2021 жылдарға арналған спорттық күнтізбені қайтадан құрып жатыр. Олимпиада ойындарының келесі жылға ауыстырылғаны алдағы маусым күнтізбесін қайта түзуге міндеттейді. Осыған орай, біз қалыпты спорттық маусымға 2022 жылы келеміз деген пікірдемін", – дейді ITTF атқарушы директоры Стив Дайнтон. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу