Халықаралық валюта қоры биыл Қазақстанда экономикалық өсім төмен болатынын болжады

1506

Ұйымның болжамынша, ең жоғары экономикалық өсім Түрікменстанда болмақ.

Халықаралық валюта қоры биыл Қазақстанда экономикалық өсім төмен болатынын болжады

Халықаралық валюта қоры Орталық Азия бойынша биыл Қазақстанда ең төменгі экономикалық өсім болады деп болжауда. Ұйым сарапшылары 3,2 пайыз деңгейді көрсетіп отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Көрсеткіштердің төмендеуіне мұнай өндірісінің шектелуі және бағаның кемуі әсер етпек.

Ұйымның болжамынша, ең жоғары экономикалық өсім Түрікменстанда болмақ. Болжамға сүйенсек, өсім 6,3 пайызды құрайды.

Тәжікстан мен Өзбекстанда – 5 пайыз, Армения – 4,6, Қырғызстанда – 3,8, Әзірбайжанда  – 3,4,  Украинада–2,7, Беларусьта –1,8 және Ресейде 1,6 пайызды көрсетеді.

Жалпы, көрсеткіштің төмендеуіне Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы әсер етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу