Халықаралық валюта қоры пандемияға қарсы шараларды жоғары бағалады

685

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылдың 11 айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен бөлісті. 

Халықаралық валюта қоры пандемияға қарсы шараларды жоғары бағалады

Есептік кезеңде экономиканы қолдау шаралары белсенді қабылданғанын атап өткен министр, осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды тізбектеді. 

"Жұмыс орындарын сақтау және құру үшін Жұмыспен қамтудың жол картасы іске асырылуда. Зардап шеккен салаларда салықтық ынталандыру шаралары қабылданды. Несие төлеуді кейінге қалдыру ұсынылды. ШОБ-ты жеңілдікпен ниелеу құралдары едәуір кеңейтілді. Несиелерді жеңілдетілген шарттармен қайта қаржыландыру ұсынылуда", – деді Руслан Дәленов.

Сонымен қатар Ұлттық экономика министрі экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде салалық қолдау шаралары іске асырылып жатқанын жеткізді.

"Қарашада Халықаралық валюта қорының миссиясы пандемияға қарсы әрекет ету шараларын жоғары бағалады. Бұған қоса олар орнықты өсуді қамтамасыз ету бойынша бастамаларды қолдайды", – деді министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу