Халықаралық валюта қорын Кристалина Георгиева басқарады

1128

Халықаралық валюта қоры – қаржы дағдарысына ұшыраған елдерге жедел несие беретін, активі 1 трлн долларға тең, соңғы инстанциядағы жаһандық кредитор.

Халықаралық валюта қорын Кристалина Георгиева басқарады

1 қазаннан бастап, Халықаралық валюта қорын Кристалина Георгиева басқарады, деп хабарлайды Atameken Business.

­­

Ол бұрын Дүниежүзілік банкте Ресей мәселесімен айналысатын бөлімге жетекшілік еткен. Кейін осы ұйымның бас директоры болды. Еуропалық одақтан ұсынылған экономист – Болгарияның тумасы, АҚШ-та білім алған.

Георгиеваға жүктелген міндет жеңіл емес. Сауда шиеленісі өршіп, әлем экономикасының өсімі баяулаған кезде маңызды шешімдерді қабылдау – аса үлкен жауапкершілікті талап етеді.

"Көптеген елдің қарызы көбейіп барады. Басты мақсат – ұйыммен байланыс орнатқан 189 елдегі тәуекелдерді анықтап, дағдарыстың алдын алу. Болған жағдайда, оны оңай еңсеруге жағдай жасау. Экономиканың мықты болуы дұрыс ақша-несие саясатына байланысты. Басты міндет халықтың әл-ауқатын көтеру",– дейді Кристалина Георгиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу