Халықаралық валюта қорының жаңа басшысы мәлімдеме жасады

1377

"Әлемдік экономика қиындықтарға дайын болу керек",– дейді Кристалина Георгиева.

Халықаралық валюта қорының жаңа басшысы мәлімдеме жасады

Георгиева  Халықаралық валюта қорының басшысы ретінде экономикалық өсімнің бәсеңдеген және сауда соғысының шиеленіскен жағдайында өзіне артылған жауапкершіліктің зор екенін айтты. Сондай-ақ ол қордың теңсіздік, климат және технологиялық өзгерістер мәселелерін шешуге атсалысатынын тілге тиек етті. 

Бұрын Дүниежүзілік банктің атқарушы директоры қызметін атқарған Георгиева қор басшысы міндетіне ресми түрде 1 қазанда кіріспек. 

Жақын арада ұйымдастырылатын жыл сайынғы Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк кездесуінде орталық банк басшылары жаһандық рецессияның алдын алу жолдары, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда текетіресі, Таяу Шығыстағы ахуал және келісімсіз Брексит салдарын талқыламақ. 

Қордың бұрынғы басшысы Кристин Лагард өткен аптада Вашингтон мен Қытайдың бір-біріне санкция салуы 2020 жылғы әлемдік экономика өсімін 0,8 пайызға қысқартатын мәлім еткен болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу