2026 жылғы 7-12 маусым аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан Voice Up халықаралық инклюзивті жастар лагеріне еліміздің делегациясы қатысып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан делегациясы қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, инклюзивті білім беру саласының мамандары, белсенді жастар және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырып жүрген жоба жетекшілері бар.
Лагерь ерекше қажеттілігі бар жастардың әлеуетін ашуға, халықаралық байланысты нығайтуға, волонтерлік мәдениетті дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталады.
Бағдарлама аясында халықаралық форумдар, тақырыптық тренингтер, менторлық кездесулер, әлеуметтік бастамалардың таныстырылымдары, мәдени іс-шаралар және жастар делегацияларының қатысуымен ашық пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.