Форум ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, республикалық волонтерлер фронт-офисі, "Ұлттық волонтерлер желісі" ЗТБ.
Конкурсқа белсенді волонтерлер, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың, бастамашыл топтардың (18 жастан бастап) басшылары қатыса алады.
Байқау қорытындысы 25 мамырдан кейін жарияланады.
Әр өңірден 4 жеңімпаз 20-21 маусымда Астана қаласында өтетін Халықаралық волонтерлер форумына шақырылады.
Бүгінде форум волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар үшін ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналған. Онда 30-дан астам шет елдерден, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінен бірқатар делегаттар қатысады деп жоспарлануда.
Форумның негізгі мақсаты: Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын өткізу жөніндегі БҰҰ сессиясында айтылған бастамасын ілгерілету.
Толық ақпаратты республикалық фронт-офистің Call орталығы арқылы білуге болады.