Халықаралық жасыл технологиялар орталығының акциялары мемлекетке қайтарылды

704

Үкімет тиісті қаулы қабылдады. 

Халықаралық жасыл технологиялар орталығының акциялары мемлекетке қайтарылды

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының акциялары мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының жалпы пакетінің 50% + 1 акциясын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын", - деп жазылған Қаулы мәтінінде.

Айта кетейік, аталған орталық 2018 жылғы сәуірде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған ОҚТ (ең озық қолжетімді технологиялар) қағидаттарын енгізу арқылы жасыл технологияларды ілгерілету және бизнесті қолдау мақсатында құрылған. Сол жылы желтоқсанда 50% + 1 акция тікелей атаулы сату арқылы "Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ-ға берілді.

Нәтижесінде "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ акциялар пакетінің 100% Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басқаруымен мемлекет меншігіне беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу