Математика, физика және информатика пәндері бойынша жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін халықаралық Жәутіков олимпиадасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген командалар бақ сынап жатыр.
Осымен ХIII рет ұйымдастырылып отырған халықаралық Жәутіков олимпиадасында халықаралық дәрежедегі қазылар алқасы төрелік етеді.
Алдағы бір аптада Алматыда 15 мемлекеттен келген 400-ден астам қатысушы есепке кім жүйрік екенін анықтайды.
Айта кетейік, Жәутіков олимпиадасы оқушыларға физика-математика ғылымына мектеп жасынан дағдылануға ықпал етеді. Сонымен қатар білім кеңістігінде халықаралық әріптестікті нығайтып, әлемдегі үздік мектептермен достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу