Халықаралық жүк тасымалына рұқсат карточкаларын беру рәсімдері жеңілдеді

910

Мамандар тасымалдаушыларды делдалдардың қызметіне жүгінбеуге шақырады. 

Халықаралық жүк тасымалына рұқсат карточкаларын беру рәсімдері жеңілдеді

Шекарадан өтетін жүк көліктерінің шарттары жеңілдей түспек. Бұдан былай рұқсат карточкаларын eGov, elicense.kz веб порталдарында рәсімдеуге болады. Бұл жайында Алматы қаласы бойынша көліктік инспекциясының өкілі хабарлады.

Мамандар тасымалдаушыларды делдалдардың қызметіне жүгінбеуге шақырады. Шетелдік рұқсат бланкілерін, соның ішінде Қытай "С" түріндегі құжаттарды тікелей сайттан алуға кеңес береді.

Сөздерінше, соңғы кездері осы жағдайды пайдаланып, жалған рұқсат қағаздарын сату фактілері көбейген. Қазіргі таңда инспекция 10 компанияға қатысты халықаралық тасымалдарға рұқсат беру куәлігі мен карточкаларын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыздарын жолдаған. Іс бүгінде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу