Халыққа арналған көмір шетелге сатылып жатыр

435

Жүк көлігімен шекарадан отын тасуға тыйым салынса да, амалын тауып шетел асырып жатқандар бар.

Халыққа арналған көмір шетелге сатылып жатыр

"Шалғай ауыл халқы үшін де күн суыта отын табу пробеламаға айналатыны бар. Не көмір тапшы, не бағасы қымбат. Өзімізді жарылқай алмай жүргенде қатты отынды пысықайлар шетелге сатып жатыр екен". Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі осылай деді.

Марат Қарабаевтың айтуынша, ішкі нарықтағы баға экспортқа шығаратын бағадан айтарлықтай арзан көрінеді. Сол себепті кейбір кәсіпкерлер ауыл-ауылға арналған көмірді Қырғызстан мен Өзбекстанға қымбатқа сатып, пайда тауып жатыр. Жүк көлігімен шекарадан отын тасуға тыйым салынса да, амалын тауып шетел асырып жатқандар бар. Жүк көлігінен пойызға тиеп өткізеді екен. Бұдан бөлек өзекті мәселе – көмір бағасы. Халық арасында "қысты күні тоннасы 20 мыңнан асып кетеді" деген шағым жиі айтылады. Министр "әкімдер қыстың қамын жаз ойласын" деп отыр.

"Өйткені ертең бірден суық түскенде әкімдіктер барлығы "көмір бер" дейді. Көмір беру үшін содан соң пойыздың құрамы жетпейді. Сондықтан қазір айтып отырмыз ғой, әкімдікте бекітіп берген жылу маусымы мамыр айынан басталады. Мамыр айынан бастап көмірді өңірге дейін жеткізу керек. Сосын өңірден аудандағы шалғай ауылға дейін жетеді. Міне мәселенің баршасы осында. Әкімдіктер қазір алып кету керек. Сонда бағасы да төмен болады. Ертең жылу маусымы басталған соң оны тасымалдаудың да құны қымбат болады ғой. Баға тұрақты болуы үшін қазірден бастау керек", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу