Халық қызмет көрсету орталықтары жабылғанға дейін құжатқа тапсырыс берген азаматтар 28 наурызға дейін тиісті мекемеге жүгіне алады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Діурен Абаев "Хабар-24" арнасы арқылы тікелейэфирде айтты.
"21 наурызға дейін құжатын халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізіп үлгерген азаматтар сол мекемеден 28 наурызға дейін барып, құжаттарын ала алады. Ал 30 наурыздан бастап әр қалада тек бір ғана орталық дайын құжаттарды беру үшін жұмыс істейтін болады", – деген министр мемлекеттік қызмет түрлерін "Egov" порталы мен әлеуемттік желідегі ресми ресурстар арқылы да алуға болатынын айтты. Ал "1414" нөмірі бойынша бір мезетте 1000 адам өтініш тапсыра алатынын еске салды.
Есжан Ботақара