Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылса да, ЭЦҚ алуға болады

1960

Электронды түрде ЭЦҚ алудың бірнеше тәсілі бар.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылса да, ЭЦҚ алуға болады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов электронды цифрлық қол қою қызметін электронды үкімет порталында еш кедергісіз пайдалану үшін бірнеше тетік қарастырылғанын айтып өтті.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) жабылса да, ЭЦҚ алу мәселесін шештік. Бүгінгі күні бет жүзіңізді биометрикалық сәйкестендіру және бір реттік құпиясөзді қолдану арқылы электронды түрде ЭЦҚ алуға болады. Бұл тетік қазіргі кезде жұмыс істеп тұр. Осы жолмен заңды тұлғалар да ЭЦҚ ала алады. Электронды түрде қызмет алудың екінші тетігі – бір жолғы құпиясөз арқылы сұрауларды мақұлдау. Осы тәсілмен қызмет алу үшін сіздің мобильді телефоныңыздың нөмірі азаматтарға арналған электронды үкіметтің базасында болуға тиіс. Яғни базаға тіркелу керек. Қазір базамызда 8 млн нөмір бар. Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай қызмет алудың тағы бір тетігін іске қостық. Ол – осы орталыққа жүгіну. Ол үшін 800 ХҚКО операторы жұмыс істеуде", – деді Абылайхан Оспанов.

Еске сала кесек, электронды түрде алуға болатынын қызметтерді халыққа жеткізу үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеуде. Азаматтардың соққан қоңырауларына жауап беру үшін орталық қызметкерлерінің саны 2 жүзден 2 мыңға дейін көбейді.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу