Халыққа қызмет көрсетуде пилоттық жоба қолға алынды

775

Жаңа қызмет түрі Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Алматы қалаларында қолжетімді.

Халыққа қызмет көрсетуде пилоттық жоба қолға алынды

Қазақстанда халыққа қызмет көрсетудің жаңа тәсілі пайда болды.

"Боиметрия - Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен egov.kz порталында адамның кескіні мен саусақ іздерін сәйкестендіру арқылы қызмет көрсетуге көзделген пилоттық жоба", - деп жазды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай өзінің Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, ендігі уақытта қазақстандықтарға электронды цифрлық қолтаңбаны өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ.

"Адам кескіні мен саусақ іздері арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарының базалық ақпараттық жүйесінде 2 қызмет түрін ала алады. Оның бірі мекенжай анықтамасы, екіншісі жылжымайтын мүліктің жоқтығын растайтын анықтама", - дейді ол.

Қазіргі уақытта биометриялық мәліметтер базасында 14 299 адам тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу