Халыққа "субсидия алуға көмектесіп жүрген" әйел ұсталды

1038

Алаяқ әйел адамдардың сеніміне кіріп, "қызметі" үшін ақша алып отырған.

Халыққа "субсидия алуға көмектесіп жүрген" әйел ұсталды

Шымкентте мемлекеттен қайтарымсыз субсидия алып беремін деп халықты алдап келген әйел ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы zakon.kz-ға сілтеме жасап.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы полициясының мәліметінше, жергілікті тұрғындарға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған азаматша бұрын да осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған.

Полицияның кезекші бөліміне бірнеше ауыл тұрғыны арызданып, сенімге кіріп, әйелдің олардан 300 мың теңгеге жуық ақша алып кеткенін айтқан. Ол мемлекеттік бағдарламалардың бірі бойынша қайтарымсыз субсидия алуға көмектесуге уәде беріпті.

Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркеді. Қылмысты ашу үшін полиция департаменті күдіктіні ұстау мақсатында жедел-тергеу тобын құрды. Жедел уәкілдер әйелді Шымкентте ұстап, одан әрі тергеу үшін аудандық бөлімге жеткізді. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілдері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді. Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны екені белгілі болды.

Оның бұған дейін басқа да қылмыстар жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу