Халықтан 215 млн теңге жинаған: S-Systems қаржы пирамидасының басшылары сотталды

433

Компания криптовалюта биржаларымен ынтымақтасатын компанияның атын жамылған.

Халықтан 215 млн теңге жинаған: S-Systems қаржы пирамидасының басшылары сотталды Фото: almaty.tv

Астана қаласында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша "Sincere Systems" ЖШС басшылығына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, аталған ЖШС 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді және криптовалюта биржаларымен ынтымақтасатын компанияның атын жамылып, азаматтардан қаражат жинап келді.

Салымшылардың санын көбейту үшін ойдан шығарылған жобаларға инвестиция салу мүмкіндігі қарастырылды.

Клиентті инвестицияның қауіпсіз екендігіне сендіру үшін ID беру арқылы клиенттің жеке кабинеті тіркелген, салымға тең виртуалды қаражатпен толықтыру мүмкіндігі бар веб-сайт құрылды.

Азаматтардан жиналған қаражат көлемі 215 млн теңгені құрады.

Сот үкімімен "Sincere Systems" ЖШС басшысы 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу