"Халықтар достығы" ауылы салынады

1772

Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы Зинеден ауылының (Исатай ауданы) тұсы демалыс аймағына айналады.

"Халықтар достығы" ауылы салынады

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын Арыстанованың айтуынша, оның көлемі 300 гектарды құрайды, деп хабарлайды atr.kz.

Мұнда 500 орынға арналған балалар лагері, демалыс орындары, көңіл көтеру кешендері, ипподром, жасанды "құз" секілді нысандар бой көтереді. "Халықтар достығы" ауылын салу жоспарланып отыр. Мұнда келушілерге әр ұлттың тағамдары ұсынылып, музейлері жасақталады. Жобалауға қатысты құжаттамалар биыл толық аяқталса, демалыс аймағының құрылысы келесі жылы басталады.

Демалыс аймағы 2 мың адамға дейін қабылдауға арналған. Жалпы аумағы 20,4 гектарды алатын коттедждер қалашығында 451 келуші демала алады.

Қазіргі күні демалыс аймағының жобасы Исатай ауданына жіберілді. Олар жұмыс жоспарын жасақтап жатыр.

Лагерьден басқа нысандардың барлығы инвесторлардың қаражатымен бой көтереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу