Халықты ауызсумен қамтуға не кедергі

841

Үкімет отырысында халықты таза ауыз сумен жабдықтау мәселесі қаралды. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың айтуына қарағанда, кейбір топтық су өткізгіштердің құрылысы жылдар бойы аяқталмай келеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Халықты ауызсумен қамтуға не кедергі

"Мұндай проблемалардың орын алуының басты себебі – жобалық құжаттамалардың сапасыз дайындалуы. Соның кесірінен жоба құны бірнеше есе қымбаттап кетеді де, тапсырыс берушілер мен мердігер компаниялар арасында келіспеушілік орын алады. Мұның барлығы жергілікті билік тарапынан үйлестіру жұмыстарының әлсіздігінен. Жаңа жобаларды іске асыру кезінде осы жайттардың барлығын ескеріп, тапсырманы уақытында орындау қажет", – дейді Смайылов.

"Дегенмен қазір жағдай біршама жақсарып келеді. Құрылысы ұзаққа созылған 10 жобаның 7-еуі пайдалануға берілді. Қалған 3 жоба биыл іске қосылады", – деп қосты үкімет басшысы.

Оның айтуына қарағанда, 2025 жылдың соңына дейін халық 100% таза ауыз сумен қамтылуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу