Бұл туралы Мәжіліс отырысында Аманжол Әлтай мәлім етті.
"Өткенде ғана, "AMANAT" партиясы қасиетті домбырамыз бен қастерлі ұлттық құндылықтарымызды жат ағымдардың қорлауына жол бермейтінімізді айттық.
Біз Парламенттегі ең ірі Фракция ретінде де, ұлтты бөлетін, арамызға жік салатын теріс әрекеттерді де сала алатынымыз анық. Елді бөлшектеуге жол жоқ. Дүрбелеңі көп, бүгінгі аласапыран қоғамда ұлттық асыл мұраларымыз – салт-дәстүрлерімізге деген шабуыл көбеюде.
Әсіресе, жастарды соқыр фанатизмге, радикализмге итермелейтін жат ағымдар, әлеуметтік желіде сананы улайтын теріс уағыздар, тынысымызды тарылтып, алқымнан алып барады. Бұл ұлттық мұратымызға, тұтастығымызға төнген қауіп", – деген депутат халықты аздыратын осындай шабуылдарға тоқтау, заңмен тыйым салмасақ болмайды деп есептейді.