Халықты коронавирустан қорғау үшін 1,5 млрд теңге бөлінді

1718

Қаржы Үкімет қорынан қарастырылған. 

Халықты коронавирустан қорғау үшін 1,5 млрд теңге бөлінді

Үкімет қорынан коронавирустан қорғануға арналған препараттарға 1,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан. 

"Кеше Үкімет басшысы қосымша қорғану құралдарын, бетперделер мен қажетті заттар алу туралы тапсырма берді. Қаулыға қол қойды. Үкімет қорынан қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді. Егер халыққа медициналық көмек қажет болса, онда бізде барлық мүмкіндіктер, ақша бар",–деді премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев. 

Соңғы мәліметтер бойынша Қытайда 7 мың 711 адам коронавирус (2019-nCoV) жұқтырған. Бұдан бөлек инфекция әлемнің 15 елінде тараған. Атап айтсақ Непал, Тайланд, Тайвань, АҚШ, Франтия, Аустралия, Вьетнам, Германия, Канада, Корея, Камбоджа, Малайзия, Сингапур, Шри-Ланка, Жапония. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу