Халықты малға теңеген ауыл әкімі көптің ашуын тудырды

1323

Желіде газсыз отырған халықты малға теңеген ауыл әкімінің бейнежазбасы тарады.

Халықты малға теңеген ауыл әкімі көптің ашуын тудырды Фото: Уральская Неделя

Кейіннен белгілі болғандай, ол Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиев болып шықты.

Бейнежазбада тілшілер шенеунікке газсыз отырған халықтың шағымын жеткізеді. Алайда бұл сауал әкімге жақпай қалса керек, ол бірден ашуға булықты.

"Олар айта береді. Неге сендер халықты тыңдайсыңдар? Халық қазір мал боп кетті ғой. Білмейсіңдер мен соны? Мынау жұмыс істеп жатқан бізді тыңдамайсыңдар ма?", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу