Халықты неғұрлым көп толғандыратын мәселелер қандай?

862

Мемлекеттік органдардың халықпен кездесулерінің қорытындылары бойынша проблемалық мәселелер тізбесі бар іс-әрекет жоспарлары жасалмаған не ашық қолжетімді жерде орналастырылмаған.

Халықты неғұрлым көп толғандыратын мәселелер қандай?

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асар Омаров үкімет отырысында баяндады, деп жазады inbusiness.kz.

Министрдің өзінің айтуынша, халықты неғұрлым көп толғандыратын мәселелер төмендегідей:
- қалалар мен ауылдық елді мекендердегі ұялы байланыс пен интернеттің сапасы;
- өңірлерді электрлендіру және газдандыру;
- сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру;
- өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын көтеру;
- мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері (сурдо реабилитологтардың тапшылығы, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектер сатып алатын техникалық құрылғылар мен оңалту құралдарының сапасының төмендігі);
- білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау, бала асырап алу, қашықтан оқыту форматы, оқу бағдарламаларын жаңарту;
- спорт секциялары мен шығарма үйірмелерін жан басына қаржыландыру. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу