Халықты орталықтандырылған сумен қамту көрсеткіші артып келеді

1310

Халықты орталықтандырылған сумен қамту көрсеткіші артып келеді

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында халықтың орталықтандырылған суға қолжетімділігін көздейтін "Ақ бұлақ" бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелері туралы баяндады.

"2011-2015 жылдар аралығында "Ақ бұлақ" бағдарламасының жүзеге асырылу кезеңінде халықтың орталықтандырылған сумен қамтылуға қолжетімділігі қалаларда 87%-ға, орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігі 82%-ға дейін артты. Барлығы бағдарлама аясында қалалар мен ауылдарда сумен қамту және су бұру салаларында 1 493 жоба жүзеге асырылды", - деп мәлімдеді министр.

Қ. Бишімбаев сондай-ақ биыл "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы және Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 75 жобаны жүзеге асыру үшін 62,1 млрд теңге бөлінгенін, 2017 жылы 153 жобаны жүзеге асыруға 53 млрд теңге қарастырылғанын айтып өтті.

Бұдан өзге, министр сумен қамту жүйесін дамытуға бюджеттен тыс қаражат тарту бойынша шаралар табысты жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Бүгінде елімізде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Primeminister.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу