Халықты жаппай вакцинациялау мамыр айында басталады

1329

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ақпан айының алғашқы күнінен бастап халықтың жекелеген тобына коронавирус инфекциясына қарсы салынатын екпеге қатысты мәлімдеме жасады. 

Халықты жаппай вакцинациялау мамыр айында басталады

Марат Шоранов бірінші кезекте медицина қызметкерлері, екінші кезеңде педагогтар мен күш құрылымдарының өкілдері, үшінші кезеңде студенттер вакцинацияланатынын айтты. Оның сөзінен түсінгеніміз, халықтың қалған бөлігіне екпе мамыр айынан бастап салынады. 

Бұған дейін жария болғандай, вакцинация 18 жасқа толмаған балаларға және 65 жастан асқан азаматтарға салынбайды. 

"Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімі жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация жүргізер алдында дене қызуы өлшенеді, эпидемиологиялық анамнез жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру шаралары жасалады. Егер, адамның температурасы 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады", – дейді Марат Шоранов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу