Халықты жұмыспен қамту орталығы Еңбек ұтқырлығы орталығы болып қайта құрылмақ

712

Еңбек министрлігі "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізбек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халықты жұмыспен қамту орталығы Еңбек ұтқырлығы орталығы болып қайта құрылмақ

"Ашық" НҚА порталында жарияланған құжатта Халықты жұмыспен қамту орталықтары Еңбек ұтқырлығы орталықтары болып қайта құрылатыны жазылған.

Сонымен қатар органның қызмет құзыреті кеңейеді.

"Әлеуметтік кодекстің қабылдауына байланысты жұмыс нәтижесі бойынша мамандарды қосымша ынталандыру үшін уХалықты жұмысты қамту орталықтары Еңбек ұтқырлығы орталығы болып қайта құрылады. Еңбек ұтқырлығы орталығы - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы", - делінген құжатта.

Бұйрықта көрсетілгендей, Еңбек ұтқырлығы орталығының аудан, облыс және республикалық маңызы бар қалалардағы функциясын атқаратын филиалдары Мансап орталығы болып аталады.

Мансап орталықтары мынадай санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтиды:

- жұмыс іздеген адамдарды;

- жұмыссыздарды;

- жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары және олардың отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі;

- қандастарға көмек көрсетеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу