Халықтың 40 пайызы көгілдір отынға қол жеткізе алмай отыр

162

Бүгінгі таңда 12 млн-нан астам адам немесе ел халқының 60%-ы ғана газбен қамтамасыз етілген. 

Халықтың 40 пайызы көгілдір отынға қол жеткізе алмай отыр Фото: Pixabay.com

Жыл соңына дейін тағы 300 мыңнан астам адам газға қол жеткізеді. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оның айтуынша, биыл бөлінген қаражатқа 1,7 мың шақырымнан астам газ желілері салынып, жаңғыртылады. 

Осы жылдың тамыз айында Премьер-Министр "Талдықорған – Үшарал" магистральдық газ құбырының құрылысын бастауға тапсырма берді. "Ақтөбе – Қостанай" газ құбырларын және "Бейнеу – Бозой – Шымкент" екінші желісін іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ресурстық базаны кеңейту мақсатында өткен жылы Анабай, Шығыс Өріктау, Рожковское кен орындары пайдалануға берілді.

"2025-2030 жылдары тағы 7 жобаны іске қосу жоспарланған. Қашаған, Қарашығанақ кен орындарында және Жаңаөзен қаласында төрт ГӨЗ салу тауарлық және сұйытылған газ өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді", — деп атап өтті бірінші вице-премьер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу