Халықтың 54,5%-ы тұмауға қарсы екпе алды

717

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1,4 млн-ға жуық қазақстандық тұмауға қарсы екпе алғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Халықтың 54,5%-ы тұмауға қарсы екпе алды

"Тұмауға қарсы вакцинация жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда шамамен 1 млн 380 мың адам немесе халықтың 54,5%-ы егілді. Вакцинациямен республикалық көрсеткіштен жоғары қамту 7 өңірде байқалды. Оның ішінде Түркістанда тұмауға қарсы вакцинамен халықтың 85%-ы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола және Қызылорда облыстарында 60%-дан астамы, Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан облысында 55%-дан астамы қамтылды", – деді министр. 

Алексей Цойдың сөзінше, халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау да үздіксіз жүріп жатыр. 

"Бірінші компонент бойынша 8 млн-нан астам адам екпе алды. Бұл вакцина алуға тиісті халықтың 70,7%-ы немесе жалпы халықтың 42,7%-ы. Екінші компонент бойынша екпе алуға тиісті халықтың 63%-ы немесе жалпы халықтың 38%-ы қамтылып, 7,1 млн адам екпе алды", – деді  Алексей Цой.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу