Қазақстан халқының көпшілігі үшін жан басына шаққандағы орташа табыс айына орта есеппен 151 мың теңгеден аспайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі тамыз айындағы ақша-несие саясаты туралы есебінде хабарлады.
Мамандардың айтуынша, 2022 жылы халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы айына 154 мың теңгені құраса, ал медиандық орташа табыс 2,5 есеге дерлік төмен – 63 мың теңгені құраған. 2023 жылдың маусым айында орташа айлық табыс аздап өсіп, 174 мың теңгені құрады.
Бірақ, биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, халықтың жан басына шаққандағы табысының 90%-ы орта есеппен айына 151 мың теңгеден аспайды.
Жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы айдағы жиынтық табысының үлесі.
"Табысты бөлудегі теңсіздікті көрсететін Джини коэффициенті 2021 жылдан бастап Қазақстанда теңсіздік дәрежесі айтарлықтай төмендегенін көрсетті. Халықтың ең бай және кедей топтары арасындағы табыстың ең аз айырмашылығы екі "мұнайлы өңірде" (Маңғыстау және Атырау облыстары), сондай-ақ табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз өңірлер оңтүстікте (Түркістан, Қызылорда облыстары) байқалады", – деп хабарлады реттеуші.