Халықтың ақшалай табысы бір жылда 18%-ға артты

559

Сол кезеңде инфляция көрсеткіші 19,6%-ды құраған.

Халықтың ақшалай табысы бір жылда 18%-ға артты Фото: inbusiness.kz

Қазақстандықтардың табысы 2022 жылдың төртінші тоқсанында жан басына шаққанда 252,4 мың теңгеге жетті. Жылдық өсім – 17,7%, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Республика бойынша ең көп табыс елордада тіркелді: жан басына шаққанда 357,3 мың тг. Көшбасшылар үштігінде 

Қарағанды (354,9 мың тг) және Ұлытау (339,1 мың тг) облыстары бар. Үздік бестікке Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары да кірді.

Ең аз табыс Түркістан облысының тұрғындарында тіркелді: жан басына шаққанда 163,3 мың тг. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 35,3%-ға төмен.

Халық табысының басым бөлігін еңбек қызметінен алған: 184,9 мың тг. Оның ішінде 161,7 мың тг – жалдамалы жұмыстан, 23,2 мың тг – өзін-өзі жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу