"Халықтың алдында еркелетейін дедім": Ерке Есмахан күйеуіне ән арнады

2372

Ерке Есмахан мен Raim-ға оқырмандары “Жылдың үздік жұбы” атағын берді.

"Халықтың алдында еркелетейін дедім": Ерке Есмахан күйеуіне ән арнады Фото: instagram.com

Қазіргі уақытта бала күтімімен декреттік демалыста жүрген әнші Ерке Есмахан күйеуін халық алдында еркелетіп, ән арнады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген,
Келбетіңнен сенімнің күшін көрем.
Сен сияқты мені ешкім еркелетіп -
Сен сияқты мені ешкім түсінбеген.
Асыл жарым,
Жайнаған жасыл бағым,
Бағаласаң, бақытыңмын.
Сағынсаң, қасыңдамын.
Арманды дара қумаймыз,
Құстың қос қанатындаймыз.
Жүректе от жанып,
Тауларды бетке алып,
Бірге ұшып барамыз болашаққа!”, – деп “Жұбайлар жыры” әнінен үзінді жариялады. Жыл соңы күйеуімді халықтың алдында бір еркелетіп қояйын дегенім ғой. Сүйіктіңізге қандай ән арнар едіңіз?”, – деп оқырмандарына сауал жолдады. 

Желі қолданушылары мен әншінің өнердегі әріптестері сүйіктілерін белгілеп, тілек жаудырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу