Астана әкімшілігі жергілікті зейнеткерлер мен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмір сатып алуға көмектеседі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлауда.
Алайда, көмекке мұқтаж жандар ол үшін Астана қаласының жұмыспен қамту бөліміне хабарласып, өтініш берулері қажет. Ал, көмек көрсетудегі басты шарт көмек сұрағандардың ең төменгі күнкөріс деңгейі 3 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.
Бір реттік 18 мың теңге көлеміндегі өтемақыға құжат қабылдау 15-ші қазаннан басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу