Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балалар аттракциондарды тегін пайдаланады

Алматы әкімдігі осындай шешім қабылдады. 

Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балалар аттракциондарды тегін пайдаланады Фото: Алматы орталық саябағы

Жазғы каникул кезеңінде Алматы қаласы әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларға Орталық мәдениет және демалыс саябағында аттракциондарды тегін пайдалану мәселесін пысықтады, деп жазады inbusiness.kz. 

Тиісті ұсынысты саябақ әкімшілігі қолдады. Сонымен, саябақта аттракциондарға тегін карточкалар беру туралы шешім қабылданды. Бұл акция Алматы тұрғындары үшін қолжетімді.

Қалада бұл санаттағы 22 мың баланы қамту жоспарлануда.

Аталған карталар кез-келген аттракциондар мен карусельдерге, соның ішінде барлығының сүйікті "Цепочка", "Колесо обозрения" және катамаранмен жүруге мүмкіндік береді. Аттракциондарды тегін пайдалану 15 шілдеден бастап қол жетімді болады.

Карточкаларды алу үшін "Алтын Тараз" ЖШС кеңсесіне Гоголь көшесі, 1 мекенжайы бойынша (ОМжС аумағында) хабарласу қажет. Өзіңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі немесе электронды түрде) болуы міндетті. Анықтама телефоны: +7 (705) 892-75-24.

Сонымен қатар, балаларға қоғамдық бірлестіктердің (мүгедектер үйлері, саңыраулар қоғамдары, балалар үйлері, мектеп-интернаттар және т.б.) өтінімдері бойынша аттракциондарға тегін бару құқығы беріледі.

Сондай-ақ, саябақта тегін нысандар бар: футбол алаңы, баскетбол алаңы, коньки паркі, роллердром, үстел теннисі алаңы. Жаз мезгілінде әр сенбі және жексенбі күндері балалар қалашығының сахнасында бөбектерге арналған екі сағаттық тегін шоу бағдарламалар ұйымдастырылады. Саябақ әкімшілігі барлық іс-шараларды өткізуге кететін шығындарды өз мойнына алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу