Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 50-ден астам тексеру жүргізілді

279

Бір ай ішінде әлеуметтік инспекторлар 53 тексеру жүргізді, оның 40-ы жоспардан тыс және 13-і профилактикалық бақылау шеңберінде болды. 

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 50-ден астам тексеру жүргізілді Фото: gov.kz

ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен осы жылдың 1 шілдесінде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді.

Мемлекеттік бақылаумен: 12 мектеп, жергілікті атқарушы органдардың 6 аудандық бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың облыстық басқармалары, 6 әкімдік, 5 дүкен, 3 сауда орталығы, 3 медициналық-әлеуметтік мекеме, 2 аурухана, 2 банк бөлімшесі, 2 Қазпошта бөлімшесі, 1 фитнес-клуб, 1 санаторий, 1 университет және т. б. қамтылды.

Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 750 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым берілді, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу