Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 60-тан астам тексеру жүргізілді

501

Әлеуметтік инспекторлар 62 тексеру жүргізді, оның 45-і жоспардан тыс және 17-і профилактикалық бақылау шеңберінде. 

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 60-тан астам тексеру жүргізілді Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мемлекеттік бақылаумен: 13 мектеп, жергілікті атқарушы органдардың 8 аудандық бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың облыстық басқармалары, 8 әкімдік, 7 дүкен, 4 сауда орталығы, 3 медициналық-әлеуметтік мекеме, 3 аурухана, 2 банк бөлімшесі, 3 Қазпошта бөлімшесі, 1 фитнес-клуб, 1 санаторий, 1 университет және т. б. қамтылды.

Мәселен, Жетісу облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті "Дәулет", "ЦУМ", "ГУМ", "Мактуб", "Шолпан" сауда үйлерінде, сондай-ақ "Асыл қазына" кітап дүкенінде жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша объектілердің меншік иелеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді және оларға қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.

Павлодар облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті қала тұрғынының өтініші негізінде "Алла" дүкенін, "Дудкина Галина Ивановна" ЖК жоспардан тыс тексеру ұйымдастырды.

Тексеру нәтижесі бойынша жеке кәсіпкерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 750 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым беріліп, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынды.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік инспекторларды енгізу халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын уақтылы қорғап қана қоймай, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу