Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 200-ден астам тексеру жүргізілді

446

2024 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 204 тексеру жүргізді, оның 29-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 175-і жоспардан тыс тексерулер болды. 

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 200-ден астам тексеру жүргізілді Фото: Shutterstock

ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен 2023 жылғы 1 шілдеде елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді, оның құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.

Мемлекеттік бақылаумен қамтылды: әкімдіктер – 16, жергілікті атқарушы органдар басқармалары – 2, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері – 2, мектептер – 167, дүкендер – 4, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 2, мәдениет үйі – 1, банк филиалы – 1, нотариус – 1, мұрағат – 1, балабақша – 1, колледж – 1, кафелер, мейрамханалар – 2, ЖК – 3.

Мәселен, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті қоғамдық бірлестік өкілдерінің өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмау фактісі бойынша сауда объектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша ірі кәсіпкерлік субъектісі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.

Сонымен қатар, өңірлердегі әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларын жүргізуде оң динамиканы атап өтті.

Бірінші топ мүгедектігі бар Ерқұлан Шамшетовтың айтуынша, Ақтөбе қаласында мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділік айтарлықтай жақсарды.

"Жұбайым екеуміз 12 шағын аудандағы № 3 емханаға барамыз. Емхана соңғы үлгіде салынған, дәліздер кең, перносалы өте мейірімді, ғимарат ішінде арбада жүруге өте ыңғайлы, лифт те қарастырылған. Жұбайымда да бірінші топ мүгедектігі бар, емханада біз арбамен кедергісіз жүреміз, жайлы жағдай жасағаны үшін өте ризамыз", – деді Ерқұлан Шамшетов.

Сонымен қатар, ҚР Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылы 1 783 тексеру жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1 171 ұйғарым берді, 98,4 млн теңгеден астам сомаға 467 айыппұл салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу