Халықтың банк алдындағы берешегі 15 трлн теңгеден асты

1195

Халықтың қарыздық жүктемесі артып барады. Мамырдың басындағы мәлімет бойынша, қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі 15 трлн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Atameken Business.

Халықтың банк алдындағы берешегі 15 трлн теңгеден асты

Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, борышкерлер көбіне тұтыну және ипотекалық мақсатта несие алады. Мысалы, ГР1 жеке тұлғалардың жалпы қарызы 7,9 трлн теңге болса, оның үштен бірі ипотекалық займдар. Ал 60 пайызы тұтыну мақсатындағы несие.

Соңғы уақытта отандастарымыз саяхаттау үшін банктен қарыз алуды жиілеткен. Өткен жылы 8 млрд доллар шетел асыпты.

Экономикалық белсенді халықтың саны 9 млн адам болса, соның 7 млн-нан астамының басында несие бар. Бір адамның басына шаққандағы қарыздың көлемі – 1 млн теңге. Жылына 400 мың жаңа борышкер несие рәсімдеу үшін банктерге жүгінеді екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу