Халықтың инфляцияны бағалауы жоғары қалпында қалып отыр – Ұлттық банк

974

2021 жылдың қыркүйек айында инфляциялық күтулердің сандық бағасы бір жыл алға 9,0%-ды құрады.

Халықтың инфляцияны бағалауы жоғары қалпында қалып отыр – Ұлттық банк

2021 жылдың қыркүйек айындағы халықтың инфляциялық күтулері бойынша ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz бас банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Халықтың инфляцияны бағалауы жоғары қалпында қалып отыр, алайда 2021 жылдың шілде-тамызында байқалған ең жоғары мәндерден біршама төмендегені байқалады. Атап айтқанда, ағымдағы инфляцияның қарқыны жеделдейтінін және сақталатынын күткен респонденттердің үлесі 59%-ға дейін төмендеді (тамызда – 61,5%). Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі азық-түлік бағасының көтерілетінін атап өтті (85%). Тауарлар құрылымында респонденттер ет пен құс еті, нан-тоқаш өнімдері, құрылыс материалдары, киім мен аяқ киім, балаларға арналған тауарлар бағасының тез өсетінін айтты", – деп жазылған түсіндірмеде.

Дегенмен Денис Чернявскийдің қыркүйек айында тұтынушылық көңіл-күй барлық компонентте жақсарғанын айтады.

"Халықтың тауарларды көлемдеп сатып алуға дайындығы артып, 2020 жылдың басындағы мәндерге жетті. Экономиканы дамыту бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді күтулер шектеу шараларының жеңілдеп, коронавируспен ауырғандар санының азаюынан жақсара түсті",­ – дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу